Абайдың жұмбағы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында:

- Биыл, Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды,- деген болатын. Осы мақаладан ой түйе отырып, Абай Құнанбайұлының шығармашылығынан сыр шерттік. 

Бағдарлама барысында Абай Құнанбайұлының өмірі жайлы қызықты деректер айтылып, өлеңдері мен әндері орындалды. 

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында. 

Хабардың редакторы: Айсәуле Бейсенхан.