Абай мұрасынан тұтас түркі дүниесі тағылым алуы керек

Түрік ғалымдары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына қатысты пікір білдіруде.

Түркия Республикасы Памуккале университеті қазіргі түрік диалектілері мен әдебиеті бөлімінің профессоры Нергиз Бирай: "Абай мұрасынан тұтас түркі дүниесі тағылым алуы керек"- деді.

Ұлы ақынның 175 жылдық мерей тойы аясында университет ғалымдары арнайы жобаны қолға алмақ.