Еш жерде жарияланбаған 18 кітап

Ақын Ілияс Жансүгіровтың бұрын еш жерде жарияланбаған 18 кітабы табылды.

Ол Ресейдің мемлекеттік мұрағат қорларынан шыққан. Құнды жәдігерлерді жас ғалым Елдос Тоқтарбай тапқан.

Шығармалар жуырда қайтадан басылып шығады. Сонымен қатар, Жансүгіров өз қолымен жазған 73 құжаттың көшірмесі жасалынды.