Бэлла Орынбет «Ой дода» радиоойынының жеңімпазы атанды

«Ой дода» интерактивті, іскерлік радиоойынының ақтық сайысында жартылай финалдың жеңімпаздары – IT маманы Абзал Досым, Тәуелсіз журналист, блогер Бэлла Орынбет тамаша ойын көрсетті. 

Апта сайын тікелей эфирде өткен сайысқа елімізге танымал белгілі блогерлер, IT мамандары мен білікті журналистердің ішінен 24 үміткер қатысты. Солардың ішінен топ жарып Бэлла Орынбет жеңісті қанжығасына байласа, Абзал Досым ойынның белсенді финалисі атанды. 


Естеріңізге сала кетейік, «Ой дода» интерактивті радиоойынының негізгі мақсаты – заманауи ақпараттық өрісте сауатты және қауіпсіз әрекет етуді үйрету және ойыншылардың медиасауаттылық саласындағы білім деңгейін анықтау болатын. Бағдарламаның алғашқы саны 2019 жылдың 2 қыркүйегінде эфирге шықты. 

Ал жобаның авторы әрі сарапшысы, белгілі журналист-зерттеуші Мейрамхан Жәпек. 

Бағдарламаның жүргізуші -редакторы: Гүлнұр Омарханқызы. 

Медиасауаттылық тақырыбына арналған «Ой дода» интерактивті радиоойынына қатысқан ойыншылар: 

Бэлла Орынбет, Абзал Досым, Алмас Тоқабаев, Саясат Идеятұлы, Серікқазы Көкенай, Өркен Кенжебек, Жандос Құсайын, Жанасыл Болатбек, Сымбатбек Дәрігерхан, Иса Тоқтыбаев, Алтынбек Құмырзақұлы, Тимұр Бектұр, Айдос Жұқанұлы, Назерке Жұмабай, Сәнді Хасен, Абылайхан Қалназаров, Аршат Ораз, Асылбек Снадин, Мұрат Есжан, Динара Болат, Диас Балмағанбет, Диана Орынтай, Айым Тілектес, Әбдімәлік Дәулетбекұлы.

Толық ақпарат аудионұсқада (сілтеме арқылы өтіңіз)

https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/archive/programs/programs_shalkar/oi_doda/1069910