Арыстарымызды үлгі етіп, кемшілігімізді түзейік – Иранғайып Күзембаев

Қазақ радиосының «Түскі шәй» бағдарламасында айтыскер ақын Иранғайып Күзембаев қонақта болды. 

Бүгінде нағыз жігіт деген атқа лайық емес ер азаматтар қатары артып барады. Сондықтан бүгінгі хабар қазақ жігіттерінің намысы, өрлігі, батырлығы мен батылдығы жайында болды. 

«Мәңгілік ел болу үшін ер азаматтың намысы мықты болуы керек. Намысты ақшаға сатқан заманда рухымызды әлсіретпей, арыстарымызды үлгі етіп, кемшілігімізді түзейік»,- деді Иранғайып Күзембаев.

Толығырақ видео және аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Сұхбаттасқан журналист Ғалия Есқұлова.