«ҒИЗАТ-ҒҰМЫР» хабары тыңдаушыға жол тартты

Ұлы Даланың өзіндік мәдениетін сырға толы сұлу тұрпатында жеткізіп, ән-әуезбен әдептелген алуан үндестігін сұңғыла сөзбен суреттеп келе жатқан Қазақ радиосының 100 жылдық тойы қыр астында тұр. Осы мерейлі мерейтой қарсаңында Қазақ телерадиосының ардагері Әбдірәлі Бөлебайдың «ҒИЗАТ-ҒҰМЫР» атты хабары тыңдарманға жол тартты.

Бір ғасыр уақыт ішінде ұлттың үнжариясы салиқалы ойдың өрелі оралымдары мен әуезді әуеннің жан тебірентер сезімтал пернесін тыңдарман құлағына жеткізіп келеді. Басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандықты игерген радио қызметкерлерінің ерен еңбегі ел аузында. Сол халық ықыласына бөленген әріптестеріміздің көпшілігі қазір арамызда жоқ.

Хабардың басты мақсаты: дауыстары «Алтын қорда» сақталып, шығармашылық ізденістері кейінгі жас буынға өнеге болған аға ұрпақтың ерен еңбегін тыңдарман танымына жарату.

«ҒИЗАТ-ҒҰМЫР» хабарын әр жексенбі сайын сағат 20:00-де тыңдаңыздар.