Биыл білім саласы үшін жағымды жаңалықтармен басталды деп бек сеніммен айтуға болады. Неге десеңіз екі бірдей маңызды құжат қабылданды. Бірі – «Педагог мәртебесі туралы» заң болса, екіншісі Білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы. Тіпті соңғы құжатты жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 11,5 трлн. теңге бөлінетіні де айтылды.
Президент Жолдауында айқындалған дәл осы құжаттың салмағы қанша? Бұл шынымен де толассыз реформалардан әбден жауыр болған білім беру саласын тығырықтан алып шыға ала ма? Қоғамдағы педагогтың мәртебесін қайтсек көтере аламыз? Бүгінде ұстаздардың еңбек құқығы қаншалықты қорғалған? Дәл осы мәселе Қазақ радиосының "Басты тақырып" хабарында кеңінен талқыланды. Студия қонағы- Қазақстандық салалық білім жəне ғылым қызметкерлері кəсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева.
Толық ақпаратты аудионұсқадан тыңдай аласыздар!