«Әдемі-ай» тобы: «Егіз» деген сөзге үйреніп қалдық

«Шіркін-ай» бағдарламасының кезекті саны «Әдемі-ай» тобының шығармашылығына арналады.

Әсел мен Әсем есімді әпкесі мен сіңілсінен құралған топ: «Әдемі-аймен бірге», «Аңсаған арманым», «Күлімде», «Биле достар», «Ғашық жүрек» секілді тамаша әндердің орындаушысы. «Үлкен үй» «Қош келдіңіз» «Келіндер көз айымы», «Жаңа қоныс», «Қыз қиялы», «Күлпәштың хикаялары» секілді отандық киноларға да түскен. 

Бағдарлама барысында хаттар оқылып, тыңдарман таңдауындағы әндер шырқалды. 

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында. 

Хабардың редакторы: Айсәуле Бейсенхан