Ұлы тұлғаның шығармалары шет тіліне тәржімаланады

Биыл елдігіміз бен руханиятымыз үшін аса маңызды мемлекеттік және халықаралық деңгейде зор міндет көзделіп отыр. Ол ұлтымыздың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтуіміз болмақ. Бұл ел тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғаның рухын асқақтата түсетіні сөзсіз. 

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «мерейтойды дайындау және өткізу» жөніндегі мемлекеттік комиссияның хаттамасы мен жалпы республикалық жоспары бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес биыл 82 тармақты қамтитын 500-ден астам іс-шара өтеді. Бұлардың басым бөлігі халықаралық және республикалық деңгейде болады.

Сондай-ақ алдағы уақытта ұлы ақынның толық шығармалары 10 шетел тілінде басып шығарылады. Және телесериялдар түсіріліп, біршама түркітілдес мемлекеттерде «Абай» операсы сахналанады.

Бұл туралы Қазақ радиосының «Басты тақырып» хабарында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова хабарлады.

Толығырақ аудио нұсқада.

Сұхбаттасқан Азамат Жомартұлы.