Ақпараттың ақтаңгері – Намазалы Омашұлы 70 жаста

«Шалқар шаңырағында» бағдарламасының кезекті саны көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Намазалы Омашұлының шығармашылығына арналды.

«Өнегелі өмір»

«...Бұл бағаның салмағына кейде ойлаймын лайықтымын ба деп... Өйткені, ұстазымыз, үлкен оқымысты, академик ағамыздан мұндай баға аламын деп ойлаған жоқ едім. Бірақ, көңілі түсіп, өзі риза болып жазды, айтып та кетті. Ол кісінің көзі жоқ болғанымен мен үшін әр уақытта бұл баға өте қымбат. Сондықтан менің өзім туралы, өмірім туралы «Өнегелі өмір» деген кітап шығып жатса, әрине ағалар лебізі Зейнолла Қабдоловпен басталды»,- дейді ғалым Намазалы Омашұлы. 

Намазалы Омашұлымен сұхбатты толығырақ бағдарламаның видео және аудионұсқасынан тыңдай аласыздар (төмендегі сілтеме арқылы өтіңіз).

Бағдарламаның редактор-жүргізушісі-Гүлнұр Омарханқызы.