Өнерлі өрге жүзер

"Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді",- дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Сондықтан бала бойына рухани құндылықтарды сіңірудің басты құралы – ән өнері. Осыған орай балалар әндерін насихаттау, балалар шығармашылығын қолдау мақсатында Қазақ радиосынан әр сәрсенбі 20:00-де «Балапан саз» балалар әндерінің радиобайқауы эфирге шығады.

Бағдарламаның бүгінгі қонағы - қазақ өнерінің қайраткері, «Қазақ әдет-ғұрып, салт-дәстүр» академиясының құрметті профессоры, Оқушылар сарайындағы «Вокал бөлімінің» жетекшісі, композитор, әнші Кентау Назарбек және «Үздік орындаушы» аталымы бойынша талапкер Нұр-Сұлтан қаласындағы Өнер мектебінің тәрбиеленушісі, кішкентай өнерпаз Жанәлі Мереке. 

Студия қонақтарымен сұхбатты толығырақ бағдарламаның аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Бағдарлама жүргізушісі: Алтын Маханбетова.