Биыл 1 мың 378 қандасымыз елге оралып, солтүстік облыстарға қоныстанады (Қаз/Рус)

Үкімет оралмандарды қабылдауға осыншама өңірлік квота бөлді. Бұл туралы Қазақ радиоларының Жаңалықтар қызметі хабарлады. Қандастардың 500-і Павлодар облысына, 350-і Қостанай облысына, 258-і Ақмола облысына, 150-і Шығыс Қазақстан облысына, 120-сы Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келмек. Өңірлер бойынша бөлінген квота саны осындай. Квота саны өткен жылмен салыстырғанда азырақ. Мәселен, 2019 жылы 2 мың 31 өңірлік квота бекітілген. 

Азаматтарды халық саны аз өңірлерге орналастыру мақсатында Үкімет 2016 жылдың 18 ақпанында Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы қаулы қабылдаған.

Қандастарымызға аталған өңірлерге қоныстануына байланысты материалдық көмек беріледі. Отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК немесе 92 мың 800 теңге біржолғы төлем төленеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Көші қон қызметін мониторингілеу басқармасының басшысы Дастан Айтқұловтың айтуынша, тұрғын үйді жалға алу, сондай-ақ, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін 12 ай ішінде отбасына 15-тен 30 АЕК немесе 6 мың 100-ден 72 мың 200 теңге көлемінде қаржы төленеді.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, ақын Ауыт Мұқибектің сөзінше, оралмандарға өңірлік квота бөлу құптарлық жайт, алайда тетіктері әлі де жетілдіруді қажет етеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, былтыр 17 мың 661 азамат тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алған. Жалпы тәуелсіздік жылдары елге 1 млн 57 мың 280 этникалық қазақ оралған.


В этом году 1378 этнических казахов вернутся на родину и поселятся в северных регионах. 

Правительство выделило региональные квоты для того, чтобы принять оралманов. Об этом сообщает Служба Новостей ТОО «Qazaq radiolary». 500 человек из общего числа переедут в Павлодарскую область, 350 в Костанайскую область, 258 в Акмолинскую область, 150 в Восточно-Казахстанскую область и 120 в Северо-Казахстанскую область. Именно в таком количестве квоты распределены по регионам. Стоит отметить, что в этом году количество выделенных квот значительно сократилось. Так, в 2019 году была утверждена 2331 региональная квота.

18 февраля 2016 года правительство приняло постановление об определении малонаселенных регионов для расселения оралманов.

Этническим казахам вернувшимся на родину выделяют материальную помощь в переселении в эти регионы. Каждому члену семьи выплачивается единовременная выплата в размере 35 МРП или 92 800 тенге. По словам начальника отдела мониторинга миграции Комитета по труду, социальной защите и миграции Министерства труда и социальной защиты Дастана Айткулова, за 12 месяцев на аренду жилья и оплату коммунальных услуг на семью приходится от 15 до 30 МРП или от 6 100 до 72 200 тенге.

По словам члена Национального совета общественного доверия, поэта Ауюта Мукибека, выделение региональной квоты оралманам очень правильное решение, но механизмы их распределения все еще нуждаются в доработке.

По данным Министерства труда и социальной защиты населения, в прошлом году 17 661 человек вернулись на историческую родину и получили статус оралмана. За годы независимости в страну вернулось 1 миллион 57 тысяч 280 этнических казахов.

Область Количество граждан для переселения

Павлодарская область 500

Костанайская область 350

Акмолинская область 258

Восточно-Казахстанская область 150

Северо-Казахстанская область 120

Общее число 1378