Айжан-ай

        Айжан-ай 

Жайықтың арғы жағы, бергі жағы,

Жайқалған жағасында жапырағы.

Еріксіз бір жаманмен сен кеткен соң,

Ішімде таудай арман жатыр әлі.

Қайырмасы: Ахау, Айжан-ай,

Бұл дәурен қайта айналып келмес саған.

Дүниеде әркім жүрер кең болған соң,

Ойнайды екі құрбы тең болған соң.

Назымды саған айтпай кімге айтайын,

Сүйгенім жалғыз Айжан, сен болған соң.