Ай, күнім-ау

                Ай, күнім-ау 

Өлеңді айтқан қандай, қойған қандай,

Үстеме бір бешпентім жазыл таңдай,

Ай, күнім-ау, айдай.

Домбыра екі ішекті алдым қолға,

Тайпалған төрт тұяғы мен бір жорға,

Ай, күнім-ау, айдай.

Ей, Алтай басың биік жайлағанға,

Жас құлын жарасады байлағанға,

Ай, күнім-ау, айдай.

Төрт мезгіл күнде ұйықымды бөлуші едім,

Қорлығын зұлымдардың ойлағанда,

Ай, күнім-ау, айдай.