Айнам

                    Айнам

Айнам деп ән саламын он екі алуан,

Сөзімде саған айтқан бар ма жалған.

Назымды неше айтсам да тыңдамайсың,

Жанқалқа менің нем бар саған жазған.

Қарағым, айналайын, асыл айнам,

Қанеки құрбылықтан тиген пайдам.

Бірге өскен кішкентайдан сәулем ғой деп,

Мен едім саған қалқам құлаш жайған.

Қарағым, айналайын асыл жарым,

Қай уақытта тыңдалады менің зарым.

Бір ауыз жылы сөзің естір болсам,

Дүниеде болмас еді еш арманым.