Айнам-ау (1-түрі)

            Айнам-ау (1-түрі)

Ойда жоқта жолықтың қарындасым, Айнам-ау

Қайда жүрсең сен менің жадымдасың, Айнам-ау.

Алғаным жоқ сырыңды, не боларын қайдам-ау.

Қапияда көз жазып қалып едім, Айнам-ау

Әннен сәлем жолдаймын сағынған соң, Айнам-ау.

Алғаным жоқ сырыңды, не боларын қайдам-ау.

Қоршауың көп бұл күнде, қамалың көп, Айнам-ау

Қарсы алдыңнан есейін самалың боп, Айнам-ау

Алғаным жоқ сырыңды, не боларын қайдам-ау.

Қайда жүрсең аман бол қарындасым, Айнам-ау

Әннен басқа әзірге амалым жоқ, Айнам-ау.

Алғаным жоқ сырыңды, не боларын қайдам-ау.

Өтіп жалған барады, не боларын қайдам-ау.