Айнам-ау (2-түрі)
Басың биік Алатау, шақырады, Айнам-ау
шалғыныңды ел басып жапырады, Айнам-ау.
Әлдеқандай мінезің, біле алмадым, қайдам-ау.
Оралыңның барында ойна да күл, Айнам-ау
Өтіп жалған барады қапияда, Айнам-ау.
Алғаным жоқ сырыңды, әлде қандай, қайдам-ау.
Басың биік Алатау қарың кетпес, Айнам-ау,
Ақ жүзінен сұлудың әрі кетпес, Айнам-ау
Алғаным жоқ сырыңды, әлде қандай, қайдам-ау.
Сен есіме түскенде сенер болсаң, Айнам-ау
Тамағымнан тауықтай тары да өтпес, Айнам-ау.
Әлдеқандай мінезің, біле алмадым, қайдам-ау.