Ай, сәулем
Айналайын қарағым, алтыным-ай
Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай.
Көрмегелі- ай көп айдын жүзі болды,
Аман есен жүрмісің, жарқыным-ай.
Қайырмасы:
Тауда жүрер кекілік,
Тастан-тасқа секіріп,
Жас кезінде ойна да күл,
Кейін жүрме өкініп.
Жапандағы сіз бір сұлу шынар,
Қонақтауға өзіңе болдым құмар.
Қонақтауға өзіңе талай келем,
Ғашық көңілім өзіңе қашан тынар.