Қарлығаш Бекпатшақызы: Отбасының шырайын келтіріп, берекесін кіргізетін – келін

Ұлттық тәрбие жөнінде сыр шертіп, қазақ қызына тән асыл қасиеттердің қалыптасуына ықпал ететін қыз-келіншектерге арналған «Өнеге» хабарының бүгінгі санында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының төрағасы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп отырған асыл әже, аулы ана, адал жар Қарлығаш Бекпатшақызы қонақта болды.

Студия қонағы «Келін мен ене мектебі» туралы әңгіме өрбітті.

"Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қазақ әйелінің дәстүрлі мектебі бар. Ол қазақы отбасында алауыздық болдырмайтын, береке-бірлік ұялататын керемет дәстүрлі мектеп. Жалпы, қазақы тәрбиеде отбасының шырайын келтіріп, берекесін кіргізетін – шаңыраққа келген құтты келін»,- деді Қарлығаш Бекпатшақызы.

Бағдарлама барысында қазіргі заманның келіні мен өнегелі ене қандай болуы керектігі жайында кеңінен айтып, өскелең ұрпаққа, әсіресе ертең келін атанатын бүгінгі қыздарға және ата-аналарға кәдеге жарар ақыл, кеңесін аямады.

Қызықты әрі сырлы сұхбатты "Шалқар" радиосының мұрағатынан тыңдай аласыздар (төмендегі сілтеме арқылы өтіңіз).

Бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі: Ләззат Тиышбекқызы.