Созақ көтерілісіне 90 жыл: Тарихы мен тағылымы

«Шалқар шаңырағында» С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Өмірбай Жолдыбекұлы Бекмағанбетов қонақта болды.

Биыл Созақ көтерілісіне 90 жыл толып отыр. Осы көтеріліс туралы республикада алғашқылардың бірі болып үн қатқан белгілі тарихшы Талас Омарбеков болатын. Созақ көтерілісіне тарих қандай бағасын берді? Көтеріліс қандай мақсатта болды? Қозғаушы күштер кімдер? Жас ұрпақ не біледі? Шын тарих қалай жазылып жүр? Санада сан сұрақ, ақиқаттың анығы неде? Көтерілістің тарихын, аңызы мен ақиқатын, тағлымын тарихшы Өмірбай Жолдыбекұлы талдап берді. 

Толық ақпарат хабардың видео және аудионұсқасында (төмендегі сілтеме арқылы өтіңіз).

https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/archive/programs/programs_shalkar/shalqar_shanyragynda/1084046

Бағдарлама авторы әрі редактор-жүргізушісі: Гүлнұр Омарханқызы.