Қатерлі ісікке шалдыққан көп балалы ана көмекке зәру

Бүгінгі хабарымыз жатыр саркомасы диагнозына шалдыққан Бибігүл Абайқызына арналды.

Кейіпкерді аталған дерт мазалағалы жарты жылдан асты. Қазақстанда өткен жылы екі рет операция жасалды. Алайда, ісіктің беті қайтудың орынына күннен күнге үдеп кеткен. Сол себепті туыстары шетелдік мамандардың кеңесіне жүгініп, Корея мемлкетіндегі ем-шарасына апаруға шешім қабылдаған. Қазіргі таңда Бибігүл төрт курс емін алды. Бесінші курсты жалғастыру үшін қаржы таба алмай отыр. Сол үшін келіні Ұлпан көптен көмек сұрап, Қазақ радиосының «Мың алғыс» хабарына сұхбат берді.


Бибигүлдің ем шарасына 7 500 000 теңге қажет. Оның 1 500 000 теңгесі ғана есепшотында бар. Қалған 6 000 000 теңгесін жинау қиын болып отыр.

Бибігүл өзі елорданың тұрғыны, төрт баланың анасы. Баласының кішісі екіде. Әрине, ана қандай сынаққа тап келсе де ең алдымен баласын ойлайды. Солар үшін қайта тұрып, жүгіруді мақсат етеді. Ауыр сынақпен күресіп жатқан ананың басындағы мүңды сейілтуге қасиетті жұмада баршамыз себепкер болайық. 

Бибігүл Абайқызының атына ашылған есепшот: 

KASPI GOLD: 5169 4931 5075 1074

ЖСН: 7612 0240 1865