Елімізде жекеменшік мектептер несімен ерекшеленеді?

Еліміздегі үлкен қалаларда орта мектептердің жетіспеушілігі бар екені жасырын емес. Ауылдан қалаға көшіп келіп жатқан халық та көп. Соның есебінен бір бастауыш сыныпта 35-40 баладан отырады және үш ауысыммен оқытылады. Бұдан бөлек, білім сапасына қатысты да сыни пікірлер көп айтылады. Ұстаздардың біліктілігі мен мәртебесі туралы әңгіменің өзі бір төбе. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Үкімет жаңа мектептер салып-ақ жатыр. Бірақ, жуық арада толық қамтамасыз етуі екі талай.


Сонымен қатар, жекеменшік мектептер ашылуда. Бұл жекеменшік мектептердің мемлекеттік мектептерден айырмашылығы мен артықшылығы қандай, несімен ерекшеленеді, қоғам қалай қабылдайды, оқу ақысын қарапайым жұрт төлей ала ма, деген сияқты сұрақтарға Нұр-Сұлтан қаласындағы № 85-ші мектеп-лицейі директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нағила Төлегенова мен жақында ашылған жекеменшік бастауыш мектебінің директоры Ғалия Балхиеваны «Білім айнасы» хабарында жауап берді.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

Хабардың жүргізушілері: Құрманәлі Қалмахан мен Қанат Тұрар.