«Аққан жұлдыз» романы (32-бөлім)

«КӨКЖИЕК» – Қазақ радиосы мен Ұлттық аударма бюросының бірлескен жобасы.

Қазақ әдебиетінің алыптар шоғырының бастауы, жазушы Сәбит Мұқанов қазақтың ХІХ ғасырдағы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Осы зерттеу еңбектерінің нәтижесінде «Аққан жұлдыз» (1967-1970) романы туды.    

Романды жазу барысында арнайы Қытайға, Шыңжаң өлкесіне барып, Шоқанның сонда өткізген өмір кезеңдерін, бастан кешірген оқиғаларын зерттеп біледі. Омбы және Ленинград қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларын күні-түні ақтарып, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинады. 

Шоқанның қоғамдық өмірден шеттелуіне, одан «безінуі» мен «түңіліске» патша шенеуніктері тарапынан көрсетілген сенімсіздік пен жан күйзелісі себепші болғаны романда толық сипатталған. 

Жазушы Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романының жалғасын бүгін 21:00-де «Көкжиек» хабарын тыңдай аласыздар. 

Хабардың редакторы: Альмира Елімсары.