Классикалық музыкадан балалар шығармашылығына дейін

«Балапан саздың» бүгінгі қонақтары әрі байқау үміткері, композитор, дирижер, музыка танушы, өнер қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы Әліби Әбдінұров.  

«Үздік орындаушы» аталымы бойынша байқауға қатысатын өнерпаз «Вокал Арт» студиясының оқушысы Музарт Құрманәлі.

Әбдінұров қазақ класссикалық музыкасын дамытуда өзіндік орыны бар дарынды композитор. Бірнеше симфониялық шығармалардың, опера, аспаптық және хорға арналған туындылардың, 70-тен аса әннің авторы. Симфониядан балалар әніне дейін шығармашылық шабыт көзін алып отырған дарын иесі «Балапан саз» радиобайқауының алғашқы маусымының жеңімпазы. Бүгінгі бағдарламаға тағы да балаларға ән базарлығын алып келді. Жас өнерпаз Музарт Құрманәлі композитордың жаңа «Бейбітшілік» әнін жанды дауыста орындады.

Студия қонақтарымен сұқбатты толығырақ бағдарламаның аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Бейне нұсқасын радиомыздың Youtube әлеуметтік желісінен қарай аласыздар.