Шілікті жазығынан Алтын адам тапқан ғалым

Бүгін «Түскі шай» бағдарламасында тарих ғылымдарының докторы, Шіліктідегі үшінші Алтын адам тапқан археолог, профессор Әбдеш Төлеубаев қонақта болды. 

Әбдеш Төлеубаев Шілікті жазығындағы сақ патшасы обаларын зерттеуге 2003 жылы келген еді. Сол кездің өзінде ол этнология-археология саласында танымал профессор болатын. Шілікті жазығынан Алтын адам табылғаннан кейін оның атақ-даңқы кең таралды.

Бүгінгі бағдарламада 2003 жылы ­Зайсан ауданы Шілікті жазығындағы сақ патшалары обаларының бірінен табылған, сегізінші ғасырда өмір сүрген Алтын адам және өзге де жәдігерлер, олардың ерекшеліктері жайында айтылды. 

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

Бағдарлама жүргізушісі: Ғалия Есқұлова.