«Оскарға» деп арнайы фильм түсірудің қажеті жоқ»

«FILMFAN» хабарында қонақта: кинооператор, продюсер, ұстаз Талғат Тайшанов және ҚР Кинематографистер одағының мүшесі, қоюшы суретші Марат Иманберген болды.

Сұхбат барысында тыңдаушы мен жүргізушілерді елең еткізген басты жаңалық: елімізде бұрын-соңды болмаған, былтыр ғана Қазақ ұлттық өнер университетінде ашылған «Қоюшы суретші» және екі жылдық «Көркем кино режиссері» мамандықтары бойынша шеберханалар.

Одан бөлек, режиссер Шәрипа Оразбаеваның «Мәриям» фильмі Франциядағы Везуль қаласында өткен Vesoul International film festival of Asian cinemas кинофестивалінде Гран-при Le cyclo d’or 2020-ны ұтып алғаны мен Шәрипаның шығармашылығы жайында студия қонақтары өз ойларымен бөлісті.

Осы және өзге де сұрақтардың жауабын толығырақ видео және аудионұсқадан біле аласыздар.

Жүргізушілер – Теңге Бекмырза, Нұртас Нұрғали.