ЖАҢАЛЫҚТАР 24.02.2020 (15:00)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жағдайы мен оның даму перспективалары жайында, оның ішінде Қазақстанмен одақ арасындағы ықпалдастық туралы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Мясниковичті жаңа қызметімен құттықтап, ол жетекшілік ететін Комиссия еуразиялық интеграцияны одан әрі тереңдетуде үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.

*** 

Елімізде 1970 мектепте спортзал жоқ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бүгінгі Мәжілістегі Үкімет сағатында осылай мәлімдеді. Оның айтуынша, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында, сондай-ақ Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында мектептерді спорт залдармен қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейі байқалады.  

***

Шымкентте жалдамалы пәтерден екі сарбаз өлі табылды. Бұл туралы Шымкент қалалық ТЖД Сыртқы және ішкі коммуникациялар тобының бас маманы Зарипа Тұрысбекова хабарлады. 

*** 

Бахрейн, Кувейт пен Ауғанстанда коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайлары тіркелді, - деп хабарлады ria.ru. «Ираннан келген Бахрейн азаматынан коронавирус анықталды. Науқас пен онымен байланысқандардың барлығы Манама медициналық орталығында дәрігерлердің бақылауымен карантинге алынды», - делінген Бахрейн карольдігі денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында. Бұған дейін Парсы шығанағы елдерінің ішінде тек Біріккен Араб Әмірліктерінде коронавирустың тоғыз жағдайы анықталған болатын. Сондай-ақ Кувейтте коронавирус жұқтырған үш адам тіркелді. Науқастардың барлығы Ираннан оралған.