Гептилден қашан құтыламыз?

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет». Бұл тұжырымдама ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.

Жуырда осыған байланысты Сенатта алғаш рет өңірлер күні өтті. Парламент қабырғасындағы жаңа бастаманың алғашқы қонағы – Қызылорда облысы болды. Аталған жиында Байқоңыр жұртшылығының мәселесі де көтерілді.

Қазақ радиосының «Басты тақырып» хабарында осы мәселелер терең талқыланды. Спикер: ҚР Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы.

Хабарды жүргізген Азамат Жомартұлы.

Толығырақ аудионұсқада.