«ҚТЖ»: Пойыздар карантин жарияланған қалаларға бармайды

«Құрметті жолаушылар! Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың 22 наурызы 00.00 сағатта Нұр – Сұлтан мен Алматы қалаларына карантин енгізілуіне байланысты жолаушылар пойыздары бұл қалаларға жүрісін тоқтатады, ал кейбірі тоқтаусыз транзитпен өтіп кетеді. Жолаушылардан аталған карантиндегі қалаларға бармауын және де алдын ала алынған билеттерін өткізуін өтініп сұраймыз»,-делінген хабарламада. Пойыздардың қозғалыс кестесі туралы барлық ақпаратты ҚТЖ сайтында және BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан алуға болады.