Ухань қаласында карантин аяқталады

Сәуірдің 8-інен бастап Ухань қаласына коронавирусқа байланысты кіріп-шығуға қойылған шектеу алынады.

«8 сәуір сағат 00:00-ден бастап Ухань қаласында транзиттік жолдармен жүруге қойылған шектеу алынып, көлік құралдарының кіріп-шығуына рұқсат беріледі. Уханьнан еліне қайтып жатқан адамдар жасыл «денсаулық кодына» сәйкес жүре алады», - делінген ҚХР Хубэй провинциясы денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттің құжатында.

Мұндай ереже Хубэй провинциясында 25 наурыз түннен бастап күшіне енеді.

Еске сала кетсек, 23 қаңтардан бастап Қытай билігі коронавирустың өршуіне байланысты 11 млн тұрғыны бар Ухань қаласын оқшаулап, тұрғындардың шығуына тыйым салған болтын. Себебі, қауіпті індет ең алғаш халық тығыз қоныстанған осы шаһарда таралған.