Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимі күшейтіледі

Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті.

Ертеңнен бастап азаматтар тек қажетті заттарды алуға және жұмысқа бару үшін ғана далаға шыға алады. Сонымен қатар балалардың үлкендерсіз далада жүруіне тыйым салынды.

Бұдан басқа халық көп жиналатын орындарды жабу;

Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;

Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу;

Шымкент қаласында әуежайдың, теміржол вокзалы және автовокзалдың, балабақшалардың жұмысы тоқтатылады.

Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы сағат 18.00-ге дейін шектеледі.