Елімізде коронавирустан бір адам көз жұмды

Елордада коронавирустан көз жұмған 64 жастағы әйелге қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. 

Әйелдің өліміне екі жақты пневмония, тыныс жетіспеушілігі, қант диабеті салдарынан болған сепсис, гипертония және атеросклероз себеп болған. Пневмонияның себебі – коронавирус. 

«Науқас медициналық мекемеге 25 наурыз күні жеткізілген. Ол 2-ші көпсалалы облыстық аурухананың оқшауланған бөлмесіне жатқызылған. Туыстарының айтуынша, ол шетелге шықпаған және ЖРВИ, коронавирус дертіне шалдыққандармен байланыста болмаған. 

13-17 наурыз аралығында Алматыда және Шуда қонақта болған», - дейді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сүлен Ілиясов.

Коронавирустан көз жұмған 64 жастағы әйелмен жақын араласқандар анықталды. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов айтты. 

«Науқаспен жақын араласқан адамдар анықталды. Олар отбасы мүшелері және науқас жатқан 2-ші көпсалалы облыстық аурухана. Онымен байланыста болған адамдар ауруханаға жатқызылып, зертханада тексеруден өтті. Олар медициналық бақылауда болады», - дейді Серік Омарханов. 

Жерлеу рәсімі өткеннен кейін марқұм әйел тұрған үй дезинфекцияланады. «Қазіргі уақытта эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асуда.