ТЖ кезінде шара өткізген мейрамхана иесі жазаланды

Көкшетауда ТЖ кезінде 90 адамға шара өткізген мейрамхана иесі жазаланды. Заң бұзушылық рейд кезінде анықталған.

«Түркістан» мейрамханасының иесі 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Сонымен қатар, Көкшетау қаласындағы «Смокинг» кальян барының иесі 5 тәулікке қамалды.

Төтенше жағдай режимін бұзғандарға қатысты қызметін тоқтата тұру түріндегі жаза қолданылуы мүмкін. Егер мұндай әрекеттер абайсызда адамдардың жаппай жұқтыруына немесе адам өліміне әкеп соқса, онда қылмыстық жауапкершілік туындайды.

Прокурорлар шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа берілмеуге шақырады. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген