Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын» - делінген Жарлық мәтінінде.


Бұған дейін Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болған.