"5-10-20" бағдарламасы арқылы баспана алудың шарттары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй кезегі мәселелесін шешу үшін Үкіметке "5-10-20" бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын.

Бағдарлама талаптары:

• үй алғысы келетін адамның атында баспанасы болмауы шарт;

• "5-10-20" бағдарламасымен баспаналы болғысы келетін азаматтардың тұрғын үй кезегінде тұруы міндетті. Қазіргі таңда Қазақстанда үй кезегінде 540 мың адам тұр. Басымдық мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер және бюджеттік сала мамандарына беріледі. Қазір кезекте осындай 212 мың қызметкер тұр. Сонымен қатар, кезекте тұрған толық емес, көпбалалы отбасылар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар да осы бағдарламаға қатыса алады;

• табыс көзі отбасындағы жан басына шаққанда 3,1 күнкөріс деңгейінен аспауы қажет (2020 жылы бұл көрсеткіш 96 667 теңгеге тең);

• несие мөлшерлемесі – 5 пайыз;

• бастапқы жарна – 10 пайыз, ол үміткердің ТҮҚЖБ шотында жиналған болуы тиіс;

• қарызды өтеу мерзімі – 20 жылға дейін;

• баспананы "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады.

Бұл туралы бүгін Қазақ радиосының эфирінен өткен "Басты тақырып" хабырында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ-ның Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев мәлімдеді.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.