Үнемі шаршап, ұйқысы келіп басы мең-зең болып жүретін, сәл салқын тисе тымауратып қалатын адамдарды коргенде, сіздің иммунитетіңіз төмен деп айтып жатамыз. Ал осы иммунитет деген не? Ол адамға қалай қалыптасады? Қайдан келеді? Осы тақырыпты қысқаша тарқата кетсем:
Иммунитет - ағзаның зиянды бактериялар мен вирустардың шабуылына қарсы тұру қабілеті. Адамның иммундық жүйесі - бұл мамандандырылған жасушалардың күрделі жүйесі. Ол организмнің денсаулығын қорғауға; бөгде патогенді микроорганизмдерге; Бактерияларға; Сүзгіден өткен вирустарға; Паразиттерге және т.б. қарсы тұра алады. Тіпті қатерлі ісік ауруының алдын алады. Сондықтан адам ағзасында күшті иммунитет болса ауруға оңай жеңілмейді.
Иммунитет көзі
Көптеген адамдар ішектің маңызды ас қорыту ағзасы екенін біледі. Ол адам ағзасының маңызды иммундық органы болып табылады. Т иммундық жасушалардың 70 пайыздан астамын құрайды. Мысалы, Т жасушалары, В жасушалары және табиғи өлтіруші жасушалар ішекке шоғырланған. Ішек, ас қорытудың маңызды ағзасы ғана емес, сонымен бірге маңызды иммундық орган болып табылады. Ішкі жағдайының адам денсаулығына қаншалықты маңызды екендігі өзінен-ақ айқын коруге болады.
Иммунитет төмендеудің себебі
1). Психологиялық шиеленіс
Мазасыздық пен психологиялық шаршау нервке кері әсерін тигізеді. Ал вегетативті нерв эндокриндік жүйемен және иммундық жүйемен тығыз байланысты. Ұзақ уақыттық күйзелістен туындаған ауруларды емдеу қиынға соғады.
2). Физикалық әлсіздік
Ұйқының жеткіліксіздігі немесе шамадан тыс шаршау психологиялық стресс ретінде вегетативті нервтердің жүктемесін арттырады. Сонымен қатар эндокриндік жүйеге және иммундық жүйеге кері әсер етеді.
3). Теріс пессимизм
Тым теріс және пессимистік көзқарас иммунитеттің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан жайлы көңіл-күйді сақтау өте маңызды.
4).Тамақтану теңгерімсіздігі
Уақытылы дұрыс тамақтанбау, диетадағы шатасулар, теріс тамақтану т.б. дененің иммундық жүйесіне кері әсер етеді.
5). Жеткіліксіз жаттығулар
Көп отыру, қозғалмау, дене жаттығуларының жеткіліксіздігі физикалық күштің төмендеуіне әкеледі. Дене күші қалыпты болмағандықтан шаршауға қарсы тұру қиын. Сондықтан иммунитет төмендейді.
6). Артық бактерияға қарсы
Ауылда шаң-шаң болып ойнап жүрген баланың иммунитеті, қаладағы талғаммен тамақтанып, мұнтаздай таза жүрген баладан жоғары. Өйткені қазіргі қоғам, адамдарды бактерияға қарсы дәрі-дәрмектермен және тауарлармен жеткілікті түрде қамтамасыз ете алады. Бірақ шамадан тыс гигиналық тазалық қалыптасып, дененің иммундық жүйесі тым таза ортаға бейімделсе иммунитет төмендейді.
7). Дененің қартаюы
Қартайған сайын адамдар ауырса баяу жазылады немесе суық тиюге бейім болады. Өйткені қартаюдан кейін ағзаның иммундық жүйесі тиімді жұмыс істей алмайды.
Иммунитетті күшейту
Иммунитетті күшейтуде көптеген адам ағызасына керекті тамақтар, жемістер, өсімдіктер бар. Ұлтымыздың теңдессіз дәруменге толы азық-түлігін білгеніңіз жөн. Мысалы, қымыз, саумал, сүт, айран, құрт, қойдың құйрық майы, ет-сорпасында толып жатқан дәрумендер бар. Қан қысымы жоғары, қан майласу, қант диябет аурыу бар адамдар және тері аурулармен ауратын адамдар жылқы қымызын көп ішіуге болмайды. Сондықтан қандай да бір ауру болса, қалай тамақтаныу туралы дәрігерден кеңес алғаны дұрыс. Біз, дұрыс тамақтанып, уақытылы ұйықтап, салауатты өмір салтын ұстасақ, әртүрлі ауруға қарсы тұра аламыз. Денеге су толықтау, суды көп ішуді әдетке айландыру керек. Ал, барлық адам тұтынуға болатын иммунитетті жемістер өте пайдалы. Сондықтан күнделікті өмірде мыналарды пайдалана жүргеніңіз дұрыс:
1). Лимон
Лимонның құрамында концерогенді бос радикалдарды өлтіретін және суықтың алдын алатын С витаминіне бай биофлавоноидтер бар. Тамақтанудың ең қарапайым тәсілі, ауа райы суық немесе ыстық болсын күн сайын лимонад ішу. Сондай-ақ, көкөністерге бірнеше лимон қосып жеуге болады. Бұл дәмді ғана емес, сонымен бірге денсаулықты нығайтады.
2). Алма
Алма құрамында В6 дәрумені мен С дәрумені және көптеген талшықтар бар.
Бұлар дененің қабынуын бәсеңдетуге көмектеседі. Вирустарға,
паразиттерге және суық тиюге қарсы иммунитетті жақсартады.
3). Тауық сорпасы
Тауық сорпасы суық симптомдарды жеңілдетуге көмектеседі.
4). Сарымсақ
Сарымсақтың көптеген пайдалы қасиеттері бар. Оның хош иісі күкірт
қосылыстарынан, аллициннен тұрады. Ғалымдардың пікірінше, аллицин
залалсыздандыратын және жоятын әсерге ие. Суықтың алдын алады. Оны
жеу ең ыңғайлы тәсіл.
5). Зімбір
Зімбірдің құрамындағы гингерол (шогаол) қан айналымын жақсартады, ағзадағы көмірсулар мен майлардың метаболизмін жеделдетеді, салмақ жоғалтуға және жүрек ауруларының алдын алады. Бактерияға қарсы және детоксикациялық әсері бар,иммунитетті жақсарта алады.
6). Түймедақ( Ромашка) шайы
Гүлдердің құрамында флавоноидтер бар, олар қабыну мен ауырсынуды азайтуға көмектеседі. Асқазан-ішек жолы ауруларын жеңілдету үшін түймедақ шайын ішуге болады.
7). Қарбыз
Қарбыздың құрамында әр түрлі қоректік заттар бар. Мысалы сахароза. С, В дәрумені және р-каротин бар. Қарбыздағы А дәрумені басқа жемістерге қарағанда жоғары. Балалар жесе пайдалы.
8.Киви
Киви жемістерінің құрамында С дәрумені, магний және микроэлементтер көп. Сондықтан нәрестеге қалыпты мөлшерде қосуға болады.Сонымен бірге киви жемісін қосқанда оны аз мөлшерден бастау керек. Аллергиялық реакциялар бар-жоғын байқаңыз. Кейде аллергия болады.
9). Шие
Құрамында С дәрумені бар, суық тиюдің алдын алу үшін күн сайын ішуге болады. Айта кету керек, шие жылы және қышқыл болып табылады. Сондықтан жеуге кеңес бермеймін. Суын ішіңіз. Ал, сәбилерге абайлау керек.
10). Банан
Бананның құрамында дәрлік дәрумендер мен минералдар бар. Олар асқазан-ішек жолдарына өте пайдалы, қоректік заттарды толықтыра алатын крахмалды жеміс болып табылады. Үлкен кіші адамдар барлығы жеуге болады. Алайда қатты жөтелу мен қақырық болғанда аз тұтыну керек.
11). Жүзім
Жүзімнің құрамында минералды кальций, калий, фосфор, темір және В1, В2,
В6, С және Р т.б дәрумендер көп. Адам ағзасына қажетті көптеген аминқышқылдары бар. Жүзім ас қорытуға, көкбауырды және асқазанды нығайтуға, шаршау мен нервты жақсартуға , сонымен қатар миды тыныштандыруға көмектеседі .
Міне біз үнемі айтатын иммунитетті осы тағамдар арқылы көтеруге болады. Аурып ем іздегенше ,ауырмайтын жол іздейік!
РАШХАН СЫДАЙҚЫЗЫ
«RASHMED» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ