Ескі көліктерді өткізудің жолы қандай?

«Темір тұлпарлар» да тозады, бірақ олардың тозу мерзімі әртүрлі. Еуропалықтар, жапондар сияқты жиі ауыстырып тұруға болады, әрине. Бірақ бізде жағдай мүлдем бөлек. Әбден жүруге жарамай, шашылып қалғанша салдырлатып міне беретіндер де бар. Ол әр елдің автокөлік өнеркәсібінің даму деңгейіне байланысты болса керек. Мәселен, Еуропа елдерінде көлікті міну мерзімі 8 жылдан аспауға тиіс екен, бірақ иелері бірнеше жылдан кейін-ақ қайта өңдеуге жібергенді жөн санайды. Ал бізде, Еуропа мен Жапониядан келген ескі көліктерге деген сұраныс әлі де жоғары. 

Десек те бұл бағытта нақты жұмыстар да жүргізіліп жатыр. Елімізде соңғы 3-4 жылда көне көліктерді қабылдайтын жоба басталғаны белгілі. Олай болса осыған дейін қанша ескі көлік қабылданды? Оларды өткізу талаптары қандай? Бұл еліміздің автокөлік нарығын жаңартуға қаншалықты әсер етуде? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін осы жұмысқа тікелей қатысы бар «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторы» ЖШС өкілі Жомарт Рахымжан мырзамен болған сұхбатты тыңдаңыз!

Толық ақпарат «Басты тақырып» хабарының аудионұсқасында.