Аида Балаева: Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтады.

«Бүгін - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні! 1992 жылғы дәл осы күні тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік рәміздер барлық уақытта қоғамдағы әр адам үшін қастерлі де, қасиетті болды. Рәміздер халықтың бостандығы мен тәуелсіздігін бейнелейді, оның құндылықтары мен қасиетті жерлерін, ата-бабалар жадын және жаңа ұрпақтың болашақ жетістіктерін білдіреді» деп жазды министр Facebook парақшасында.

Аида Балаева көк туымыз әлемдік деңгейдегі спорттық жеңістерде желбіреп, адамдарды азаматтық және кәсіби ерліктерге шабыттандырғанын тілге тиек етті.

«Қай қайсымыз да Туымыз, Әнұранымыз және Елтаңбамыздың асқақ рух, азаттық, қаһармандық пен даналықтың қастерлі нышаны екенін жақсы білеміз. Біз әркез қасиетті Туымыздың астында Отанымыздың тәуелсіздігі мен халқымыздың бақытты да бейбіт өмірін қорғаймыз. Бейбіт уақытта мемлекеттілік әрбір қазақстандықтың жетістіктерін нығайтады - біздің әрқайсымыз неғұрлым табысты болсақ, Тәуелсіз Қазақстан соғұрлым қуатты болады» деді ол.

Министр сөз соңында ел азаматтарын бүгінгі айтулы күнмен құттықтады.

«Баршаңызға өсіп-өркендеу, уақытша қиын кезеңді лайықты еңсеру, өмірлік күш-жігер мен жасампаздық тілеймін!» деп түйіндеді  Аида Балаева.