«Болашаққа» тапсырушылар үшін қазтест талабы күшейтілді

Бүгін сағат 10:15-10:50 арасында Қазақ радиосының «Арнайы шығарылымында» «Халықаралық бағдарламалар» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова тікелей эфирде тыңдармандар сұрақтарына жауап берді.  

6 мамырда «Болашақ» шәкіртақысына 2020 жылы қабылдаудың жаңа ережелері үкіметте бекіген. Ережеге сәйкес бұрын 6 кезеңнен тұратын құжат қабылдау уақыты 3 кезеңге қысқарды. Оның ішінде қазтестке қойылатын талап күшейді. Бұрын үміткер 150 сұрақтың 50 пайызы, яғни, 75-сіне дұрыс жауап берсе, конкурстан өтетін. Биыл 150-дің кемі 100 сұрағына дұрыс жауап беруі қажет.

Оған қоса, «бұрын «Болашақпен» оқып келген түлек стипендияның басқа бағдарламасы бойынша жұмыс өтілін өтегеннен кейін ғана қайта тапсыра алады» деді орталық басшысы.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Бағдарламаның редактор-жүргізушісі: Жадыра Жұмакүлбай .