Бүгін – дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

Бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы бекітілген.

Бүгінде жалпы қоғам үшін экологиялық проблемалар өзекті мәселеге айналып отыр. Тіпті бір ғана жылдың өзінде ел полигондарында 5 млн тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналады. Мұның зардабы қоршаған ортаға да тиіп жатқаны жасырын емес. Не істемек керек? Бұл бағытта бірнеше ауқымды жобалар қолға алынды. Солардың бірі Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының бастамасымен енгізілген «stopmusor» жобасы. Жоба көшелерде шашылған қоқыстың қоршаған ортаға және адам денсаулығына теріс әсері туралы халықтың кең ауқымының хабардар болуына мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Қазақ радиосының тікелей эфирінде өткен «Басты тақырып» хабарында айтылды. Спикер: «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Президенті Азаматхан Әміртай.

Айта кетейік, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасындағы басым міндеттердің бірі 2030 жылға қарай қалдықтардың 40% -ын өңдеуге қол жеткізу, 2019 жылы ресми полигондардағы қалдықтардың тек 18,2% - ын қайта өңдеуге бағытталды.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.