"Шалқар шаңырағында" бағдарламасында халық арасында кең талқыланып жүрген той мәселесі тақырыпқа арқау болды.
Студия меймандары – той тақырыбына қатысты қалам тербеп, зерттеу жасап жүрген «Заң» газетінің тілшісі Тұрмағанбетова Айша Курманғалиқызы және асаба Уатхан Қабылтай.
Эфир барысында той тақырыбына байланысты қызықты да пайдалы ақпараттар ұсынылды.
Той ұйымдастырушылар мен әртістердің басына түскен кейбір қиындықтар туралы ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші Бағдат Сәмединова айтып берді.
Сондай-ақ студия қонақтары ысырыпшылдыққа жол бермей, тойды тілектес жандардың батасын алып, шағын мереке ретінде атап өту керектігі туралы да айтты.
Сондай-ақ карантиннің алдында ұзату тойын өткізіп, жігіт жақтың тойы кейінге шегерілген Айкөз Дүйсембай байланысқа шығып, қызықты әңгімесімен бөлісті.
Соңғы жылдары – мақтан үшін жасалатын тойлар да бар. Өмір бойы жиған-тергенін тойға, қуанышқа сақтап, көппен жақсылығын бөлісуді ойлайтын той иелерінің көңілін түсінуге болды. Дегенмен қазіргі кезде карантиндегі сақтық шараларын қатаң ұстанып, той тойлауды уақытша тоқтата тұрған абзал. Ысырап жасап, көп қонақ шақырып, олардың денсаулығына қауіп төндіруден сақтанайық! Ең бастысы, халыққа төнген індеттен аман болайық!
Бағдарламаны толығырақ төмендегі сілтеме арқылы өтіп, аудионұсқадан тыңдай аласыз.
Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген Ләззат Тиышбекқызы.