28 маусым Қазақстандағы төртінші билік өкілдерінің кәсіби мерекесі. Соңғы уақытта бұл сала иелері билік тарапынан да біршама қолдауға ие болып келеді. Әсіресе бүгінгідей пандемия жағдайында журналистердің де еңбегін елемеуге болмас.
Қазақ радиосының «Басты тақырып» хабары «Бүгінгі қазақ журналистикасы» деген тақырыпқа арналды. Студия қонағы "SAKHARA" республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторының бірінші орынбасары, республикалық Бас редакторлар клубының вице-президенті, саясаттанушы Кенжеболат Жолдыбай.
Бүгінде Қазақ журналистикасы туралы сөз қозғасақ, кезіндегі Алаш қайраткерлерінің еңбектері еске түседі. Десек те қазақ журналистикасы одан да ертерек қалыптасқан. Оған "Тәжіман", "Түркістан уалаяты", "Дала уалаяты" газеттері дәлел.
Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.