Коронавирусты емдеуде қазақы емдік тәсілдердің әсері бар – Дәрігер

"Пандемияның елімізге тигізген зардаптарын жоюда медицина саласы қызметкерлерінің атқарар жұмыстар әлі де көп", -дейді Нұр-сұлтан қаласындағы "Нұршипа" емдеу орталығының директоры, жоғары дәрежелі дәрігер Қадірхан Нұрсланбай мырза.

"Шалқар" радиосының "Жандауа" бағдарламасына қатысқан инетерапиясының білікті маманы, дәрігер Қадірхан Нұрсланбай мырза коронавирус індетінің алдын алып, онымен күресуде шығыстық медицина мен қазақы емдік тәсілдердің де алар орны ерекше екенін айтып, радиотыңдаушылар сауалына жауап берді.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында. 

Сұхбаттасқан журналист Мейрамгүл Исатай.