Президент ауыл тұрғындарына ерекше көңіл бөлуді тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты ақпараттандыру, бағдарлау әрі психологиялық қолдау үшін call-орталықтар жұмысын күшейтуді тапсырды.

«Індеті симптомсыз және жеңіл формадағы пациенттердің саны көп болуына байланысты емханалар мен жедел медициналық жәрдем қызметіне жүктеме еселеп артты. Телемедицинаны пайдалана отырып, үйде ЖРВИ белгілері бар амбулаториялық пациенттерді анықтау мен емдеуді барынша қамтамасыз ету керек», - деді Президент коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ауыл тұрғындарына көп көңіл бөлу керектігін тапсырды.

«Ауыл тұрғындарына ерекше көңіл бөлу керек. Халықтың жартысына жуығын қорғаусыз қалдырмас үшін ауылдарда диагностика мен емдеуді қамтамасыз ету айырықша маңызды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Дереккөз: inform.kz