Коронавирусқа қарсы екпені алғаш сынаған вакцинолог

Бұл туралы Қазақ радиосының 30 шілде күні эфирге шыққан "Радиомедицина" хабарында Қазақ Ұлттық аграрлық университеті проректоры, вакцинолог Қайсар Табынов айтты.



Австралиялық Vaxine Pty Ltd компаниясы жасаған вакцинаны ҚазҰАУ Халықаралық вакцина орталығының ғалымдары сынап көрді. Топ жетекшісі ретінде вакцинаны еріктілердің ішінде алғаш салдыртқан - Қайсар Табыновтың өзі. Оның айтуынша, короновирусқа қарсы екпені толық сынақтан өткізу бірнеше этаптан тұрады және сынама бұл вируспен ауырмаған адамдарға ғана жүргізіледі. Ғылыми қызметкерлер тобындағы он ғалымның төртеуінен короновирустың антиденесі табылғандықтан олар келесі сынамаға қатыспайды.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында. 

Сұхбаттасқан Жадыра Жұмакүлбай.


Фото Қайсар Табыновтың Facebook парақшасынан алынды.