Жақсылық Үшкемпiров дүниеден өтті

Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды.

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен Әлем чемпионы, екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы, I дәрежедегі «Құрмет» және «Барыс» орденінің иегері, Қазақстанның Еңбек Ері.

"Қазақ радиолары" ұжымы марқұмның отбасы және туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.