КВИ-дің теріс нәтижелі анықтамасын сатқан медицина қызметкері ұсталды

Алматыда дәрігерлер коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтаманы 25 мың теңгеге сатқан .

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ПТР-тестіне теріс нәтиже көрсетілген жалған анықтамаларды беру фактісін анықтады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде «Covid-19»-ға ПТР теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы беру үшін 25 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу кезінде 1984 жылы туған медицина қызметкері ұсталды.

«Жауап алу барысында Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 12-ге жуық осындай анықтама ұсынғанын хабарлады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды»,- деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

телеграм