42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Қазіргі таңда коронавирустық инфекциядан 25 053 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 108 бала бар. Стационарларда 5 364 науқас жатыр, ал 19 689 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Бұл туралы бүгін Қазақ радиосының «Басты тақырып» хабарында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов хабарлады.


Сондай-ақ «Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде, 28 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», – деді ол. Толығырақ аудионұсқада.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.

телеграм