Ләззат Абзулдинова: Қызымның ес-түссіз жатқанына алты жылдан асты

«Мың алғыс» хабарының бүгінгі ауыр дертке шалдыққан Дариға Ерболоваға арналды.

Дариға 2015 жылы 10 қаңтарда аяқасты іші ауырып, ауруханаға барады. Келесі күні он минуттай жүрегі соқпай қалып, жансақтау бөліміне түседі. Екі ай бойы есін жия алмаған Дариғаны дәрігерлер әрі қарай емдеуден бас тартады. Миға оттегі жетіспегендіктен осындай күйге түскен ол алты жылдан асты анасының бақылауында. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған анасы Ләззат Абзулдинова қызының күтіміне байланысты кәсібін де тоқтатқан.

 «Көзімнің ақ пен қарасы,

Ағына түсті-ау жарасы.

Шырылдап ана жүрегі,

Айтпақшы сізге наласын», - деп жүрегі жылаған ана, бір ғажайыптың боларына сенеді.

Қос қанатының бірі қайырылып, шарасыз күй кешкен анаға қолдау білдірейік!

Дәриғаның анасы Ләззат Абзулдинованың атына ашылған есепшоттар:

 KASPI GOLD: 5169 4931 1680 2102

 HALYK BANK: 5522 0433 6207 7982

ЖСН: 6301 0840 0034