Жолдау өзекті мәселелердің шешімін көрсетті – Дана Нұржігіт

Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алтыншы шақырылымдағы Парламенттің жаңа сессиясының ашылуында Қазақстан халқына кезекті дәстүрлі Жолдауын жолдады. 

Пандемия жағдайынан кейін елдің әлеуметтік ахуалы қалай болады? Экономиканың тұралап қалған секторларына қайтсек жан бітіреміз? Халық пен билік арасында сындарлы диалог қашан орнайды? Көпшіліктің көкейіндегі жүрген сұрақтарға Президенттің бұл жолғы Жолдауы толық жауап береді.

Негізгі мақсат елдің экономикасын көтеріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Сондықтан Жолдау көптің көңілінен шыққандай. Қазір ол мемлекетіміздің барлық аумақтарында, басқару, оқу-өндірістік салаларда, мемлекеттік емес ұйымдарда кең қолдау тауып отыр.

Біз бүгін қара шаңырақ Қазақ радиосының тікелей эфиріне дәл осы мәселе төңірегінде әңгіме  өрбіттік. Студиямыздың қонағы – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, танымал журналист Дана Нұржігіт.

Сұхбаттың толық нұсқасын аудиотаспадан тыңдай аласыздар!

Хабарды жүргізген Алмас Байдрахман.